2015 жылы қазақстандық зауыттар 453 мың тонна жол битумын өндірді

Бағдарлама шеңберінде республика бойынша 7 мың км автожол салу және жөндеу жоспарлануда, бұл үшін шамамен 2 млн тоннаға жуық жол битумы қажет, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгінгі күні барлық отандық битум өндіруші зауыттардың қуаттылығы («CaspiBitum» БК» ЖШС, «ПМХЗ» ЖШС, «Газпромнефть-Битум Қазақстан» ЖШС, «Асфальтобетон зауыты» ЖШС) жылына 1 млн тонна битумды құрайды.
Қолданыстағы қуаттылық республикадағы барлық жол-құрылыс кәсіпорындарын толықтай отандық битуммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, жол битумына деген жыл сайынғы сұраныс 400-500 мың тонна құрайды.
Жедел ақпаратқа сәйкес 2015 жылы отандық битум өндіруші-зауыттар 453,0 мың тонна МЖБ (мұнай жол битумы) 70/100 және 100/130 маркалы жол битумын өндірді, бұл 2015 жылғы жалпы қажеттіліктің (429 мың тонна) 105,5% құрайды.
Осылайша, ішкі нарық сұранысы толықтай отандық жол битумымен қамтамасыз етілді.