2015 жылы Қостанай облысының бюджеті 34 млрд. теңгені құрады - Н. Сәдуақасов
Ал облыстың бюджеттік шығыны 149 млрд. теңге, оның ішінде әлеуметтік сала бойынша 56 млрд. теңге (40 пайыз) жұмсалу көзделген.
Қостанай облысының әкімі Нұрәлі Сәдуақасовтың пікірінше, бюджет жасақтау кезіндегі қиындықтарға қарамастан, келесі жылы облыстың даму бюджеті 34 млрд. теңге болмақ. Республикалық бюджеттен жәрдемқаржы көлемі 58 млрд. 910,2 млн. теңге. 18,6 млрд. теңгеден астам қаражат облыстық маңызы бар қалалар бюджетінен алынады. Бұл ретте облыстық қазынадан жергілікті бюджетке берілетін жәрдемқаржы 20,7 млрд. теңгені құрайды. Қостанай облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысы Ерлан Спанов республикалық бюджеттен бөлінетін 63 млрд. 525 млн. теңгеге қосымша ақша бөлінетінін хабарлады. Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жиыны 67,6 млрд. теңге жұмсау жоспарланған. Нақтырақ айтқанда, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына 1,6 млрд теңге, моноқалаларды дамыту бағдарламасына - 2,6 млрд. теңге бағытталған. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 5,2 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалды. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша - 3 млрд теңге, «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы бойынша - 19,7 млрд. теңге, көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы бойынша - 4,9 млрд теңге, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша - 9,1 млрд. теңге, «Балапан» бағдарламасы бойынша - 1 млрд. 938 млн. теңге бөлінді.