2015 жылы Маңғыстау облысында 7 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталады

«Қарақия ауданындағы Құланды ауылында ауысымына 20 адам келе алатын (оның жалпы құны 130 млн. теңгеден асады) және Мұнайшы кентінде 40 адам келе алатын (175 млн. жуық теңге) дәрігерлік амбулаториялар салынып жатыр. Маңғыстау ауданында барлық амбулаториялар бір ауысымда 40 адамның келуіне есептелген: Жыңғылды ауылы (185 млн. жуық теңге), Үштаған ауылы (177 млн. жуық теңге) және Қызан ауылы (178 млн. теңге). Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылында бір ауысымда 40 адамның келуіне арналған дәрігерлік амбулаторияның салынуына 182 млн. теңге, ал Өмірзақ ауылында 20 адамның келуіне арналған амбулаторияның құрылысына - 146 млн. теңге жұмсалмақ», - деп атап өтті Маңғыстау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Светлана Нарешова.
Жалпы алғанда, басқарма ұсынған мәліметтер бойынша, биылғы жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 19 млрд. теңге бөлінген, соның ішінде денсаулық сақтау нысандарын дамытуға шамамен 2 млрд. теңге, ал материалдық-техникалық базаны нығайтуға - 447,2 млн. теңге қарастырылған.