2015 жылы ОҚО-да инвестиция көлемі 416 млрд. теңгені құрады - Б. Атамқұлов

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы ОҚО-да инвестиция көлемі 416 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.
None
None

«2015 жылдың қорытындысы бойынша облыс экономикасына 416 млрд. теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде жартысынан астамы, яғни 61,2 пайызын шағын кәсіпорындар салды. Нақты айтқанда, олар 254.8 млрд. теңгені бағыттады»,-деді облыс әкімі.
Оның сөзіне қарағанда, облыста индустриалды аймақтарды әр қалада, әрбір ауданда құруға екпін қойылып отыр. Бүгінде 11 индустриалды аумақ құрылып, 151 жоба айқындалды. Осы орайда 163 млрд. теңге инвестиция тартылып, 13 мың тұрақты жұмыс орны құрылмақ.
7 индустриалды аймақ бойынша инфрақұрылым толық тартылып, 50 кәсіпорын іске қосылды. Ағымдағы жылы 20,1 млрд. теңге сомасында 29 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл бағытта 1 323 жаңа жұмыс орнын құру қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар