2015 жылы ОҚО-да Орталық коммуникациялар қызметінің филиалы ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО әкімдігінде баспасөз мәслихаты өтіп, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали келер жылы өңірде тұңғыш рет республикалық «Журналистер форумы» өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі.
None
None

«ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ОҚО филиалын ашу бойынша ұсыныстарымыз қолдау тауып, келесі жылы осы форматтағы брифингтер өзімізде де өткізілетін болады. Бұл шараны тікелей эфир арқылы жүргізуге де толық мүмкіндік бар. Сонымен қатар, журналистер Астана қаласында өткізіліп отыратын брифингтерге тікелей сұрақ қою мүмкіндігіне ие болады», - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, 2015 жылы «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» мерекесіне орай арнайы номинациялар бойынша байқау ұйымдастырылғалы отыр. Номинация жеңімпаздары «Алтын микрофон» және «Алтын қауырсын», "Ең үздік аймақ тілшісі", "Үздік телеарна" мен "Үздік басылым" атаулары бойынша марапатталады.

Байқау жеңімдаздарына 500 мың теңгеден бастап 1 млн. теңге көлемінде арнайы сыйақы тағайындалып жатқандығын хабарлаған Берік Құрманғали журналистерді осы байқауға белсене қатысуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар