15:17, 17 Қаңтар 2015 | GMT +5
2015 жылы Орал әуежайының ұшу алаңын ұлғайту жоспарланып отыр - С.Мұхтыбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Орал әуежайының ұшу алаңын ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мұхтыбаев.
«Ұшу-қону алаңын жаңғыртуға қаржыны мемлекет бөлді. Бірінші кезең бойынша жұмыстар мерзімінде - 2014 жылдың қараша айына дейін аяқталды. 2015 жылы ұшу алаңын 400 метрге ұзарту және 60 метрге кеңейту жоспарланып отыр. Орал әуежайы иесінің міндеттері де бар - ол перронды және руль жолын жаңғыртуға жауапты. Бұл әуежайдың маңызды құрамдасы, оларсыз әуежайын қызметін басқару мүмкін емес», - деп атап өтті Серік Мұхтыбаев.
Орал әуежайының ұшу-қону жолағын жаңғыртуға дейін рейстердің саны айтарлықтай азырақ болғанын атап өтейік, әуе компаниялардың ішінен «Бек Эйр» мен «Скат» ұшақтары ұшқан.