2015 жылы Семейдің проблемалы шағын ауданында 1200 орындық мектеп салынады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов қалалық мәслихаттың депутаттарымен кездесуде жаңа, 2015 жылы әлеуметтік даму жөнінде үлкен жұмыс жүргізілетінін хабарлады.
None
None

Әкімнің айтуынша, көп жылдардан бері проблемалы болып келе жатқан «Юность» шағын ауданында 1200 орындық мектеп салынбақ. Бұл №19 орта мектепті үш ауысымда оқытудан құтқаратын болады.

Сонымен бірге осы шағын ауданда бірнеше көппәтерлік үйлер салынып, әлеуметтік саланы одан әрі дамыту көзделген.

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия құрамына кіретін депутаттық корпус сұрақтарына жауап қайтара отырып, А. Кәрімов балалар биологиялық орталығына жер бөлу, жастар шығармашылығы сарайында бассейнді күрделі жөндеу, кейбір қалалық көшелерді жөндеу және жарықтандыру, Водный және Восточный кенттерін, басқа да тұрғын үй алаптарын таза сумен қамтамасыз ету мәселелері туралы айтып берді.

Соңғы жаңалықтар