2015 жылы ШҚО-да 27 жалған кәсіпорын анықталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы ШҚО-да 27 жалған кәсіпорын анықталды. Бұл туралы аймақтың ақпарат орталығындағы баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы Бауыржан Айнабеков хабарлады.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, аймақта жалған кәсіпорындарды анықтау қызметі белсенді жүргізіліп жатыр.

«Мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Соған қарамастан, кейбір кәсіпкерлер табыстарын жасыру үшін жалған кәсіпорындар ашады. Олардың арасында негізінен айналымы үлкен кәсіпорындар да бар», - деді Бауыржан Айнабеков.

Мемлекеттік кірістер департаменті бұл жұмысты аймақ прокуратурасымен бірге жүргізіп жатыр.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде бюджетке 400 млн. теңге қосымша салық салымы түсті.

Облыстық бюджетке қосымша салық салымдары түсуі үшін ШҚО мемлекеттік кіріс органдары қосымша резервтерді анықтайды. Ағымдағы жылы 8072,2 млн теңге түсті.

Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпаратынша, жалған кәсіпкерлікпен айналысатын 27 нысан анықталды.

Жалған кәсіпорындарды анықтау жұмысы Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім,реформалар, даму» Жолдауы аясында жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар