2015 жылы ШҚО-да 362 шақырым жолды жөндеу жоспарланған

Әкімдікте хабарлағандай, Өскемен-Риддер тас жолы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін орташа жөндеуден толық өткізілетін болды. Жүз шақырымнан асатын тас жолды жөндеу міндетін мойындарына алған 5 компанияның басшыларымен өткізілген жиында облыс әкімі Даниал Ахметовке мердігер мекемелер осындай уәде берді, деп жазады strategy2050.kz.
Риддер қаласына автокөлікпен барған аймақ басшысы аталмыш жолдың жөндеу барысын тексерген. Әрбір мердігер компанияның басшысынан олардың дайындықтарын, туындаған мәселелер жайында жеке-жеке талқыланған жиында жаз басталса да жөндеуді бастамаған кейбір компания жетекшілері облыс әкімінің сынына ілікті.
Бір аптада жөнделетін жолдың әрбір шақырымы көрсетілген жұмыс кестесі жасалсын. Бұл жұмысты облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен жауапты орындар қатаң бақылауда ұстасын.
«Жөндеу 1 қыркүйекте бітуі тиіс. Өйткені, сапалы жолды бәрі күтіп жүр. Жолдың жөнделуі Риддерге еліміздің әр түкпірінен және шетелдерден келетін туристердің легін көбейтеді. Сіздерден тек қана жұмысты уақытында сапалы орындау талап етіледі, - деді аймақ басшысы.