2015 жылы Шымкентте 3 жаяу жүргіншілердің өтпе жолын салады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 2015 жылы Шымкентте 3 жаяу жүргіншілердің өтпе жолын салады.

Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өтпе жолдар адамдар көп жүретін жерлерде болмақ. «Өтпе жолдар Тамерлан тас жолы мен Мангельдин көшесінің қиылысында, Рысқұлов даңғылында «Самал» базарының маңында және Республика даңғылы бойынша ХҚКО маңында салынады», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Өтпе жолдардың бірі жер астында болады деп атап өтілді. Жол үстіндегі өтпе жолдар да заманауи стандарттарға сай салынады. Қыс уақытында тайғанақ болмау мәселесі де қарастырылған. Бұл жолдар мүмкіндігі шектеулі жандар мен арбасы бар аналарға да қолайлы болады. Пандус және жүкарба құрылысы жоспарланған.

Баспасөз қызметінде Шымкенттің 37 көшесін жөндеуге 554 млн. теңге бөлінгенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
telegram