2015 жылы «Тау-Кен Алтын» зауыты ломбардтардан 110 келіден астам алтын сатып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты ломбардтардан 110 келі алтын сатып алды. Бұл туралы бүгін «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытының директоры Мейрамғали Тілеужанов мәлім етті.
None
None

«Ломбардтардың көбісі бізді біле бермейді, алайда оған қарамастан, біз 110 келі алтын сатып алдық. Бұл ретте атап өтерлігі, біздің зауыт іске қосылғалы екі жыл ғана уақыт өтті және жұмысымыздың екінші жылында ломбардтар бізге 110 келі тапсырды. Биыл біз бұдан артық сатып алуға ниеттіміз»,-деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатынынан кейін.

Бір грамм алтынның бағасы лондондық металл биржасына сәйкес айқындалатынын еске салып өткен М. Тілеужанов, өзі басқарып отырған зауыттың зертханасы тиісті тіркеуден өткенін және алтын бұйымдардың құрамын сапалы анықтайтынын, сондай-ақ зерттеу нәтижесі бойынша таза алтынның салмағына сәйкес төлем жасайтынын атап өтті.

Айта кетейік, «Тау-Кен Алтын» 2013 жылы іске қосылды. 2014 жылдан бері ҚР Ұлттық банкіне алтын құймаларды өткізуде. Екі жыл бұрын 7 тоннаға тарта аффинаждалса, 2015 жылы - 10 тоннадан астам, ал 2016 жылы стандартты құймалар күйінде 14 тонна таза алтынды өндіруді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар