2015 жылы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың үлесін 6 пайызға жеткізу жоспарланып отыр - "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басшылығы

АЛМАТЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың үлесі еңбекке қабілетті халықтың 1,5 пайызын құрайды. Оны "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның басшылары бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Шілденің 1-індегі дерек бойынша, біздің үлесіміз екінші деңгейлі банктер арасында - халық салымы бойынша 1,6 пайыз, астам уақытқа салынған ұзақ мерзімдік халық салымында 4,4 пайыз, құрылыс пен баспана алуға берілген несие 6,5 пайыз болды. 2009 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» 2010-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясы жасалып, Директорлар кеңесі тарапынан мақұлданды. Онда 2015 жылы мынадай нақты мақсатқа қол жеткізу жоспарланып отыр. Бірінші, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушы еңбекке қабілетті халықтың үлесін 6 пайызға жеткізіп, 600 мың тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау. Екінші, меншікті капиталдың тиімділік көрсеткішін 10 пайызға дейін ұлғайту", дейді Басқарма төрайымының орынбасары Мәулен Өтеғұлов. Оның сөзіне қарағанда, ұзақ мерзімдік стратегияда дамудың қаржылық, маркетингтік, операциялық және корпоративтік 4 бағыты бар. Онда екінші деңгейлі банктер арасында нарықтық үлесті халық салымы бойынша 3,3 пайызға, құрылыс пен баспана алуға берілетін заемды 8,2 пайызға және жаңа тұрғын үй құрылысы жинағы келісімдерін жасауды жылына 117 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ агенттер арқылы банкпен тұрғын үй құрылысы жинағы туралы жасалған келісімдердің үлесін 35 пайызға, Банкпен қызмет жасау сапасын 95 пайызға, ал танымалдықты 65 пайызға дейін ұлғайту қарастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар