14:00, 01 Қаңтар 2016 | GMT +5
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астана полицейлері «ЭКСПО-2017» аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап елордалық тәртіп сақшылары «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қорғауға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылады.

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің барлық периметрінде құқық тәртібін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ құқыққа қарсы басқа да әрекеттердің алдын алуға және болдырмауға 56 полиция және күзет бөлімшелерімен біріккен әскери қызметкері қатысады.
Бұған дейін, ағымдағы жылдың желтоқсан айының ортасында Астана қалалық ІІД-де «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ Қауіпсіздік департаменті басшылығы, мүдделі қызметтер мен ІІД бөлімшелері, күзет құрылымдары басшыларының жұмыстық кездесуі өтіп, онда полицейлер мен күзет қызметтерінің көрме құрылысы аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша үйлестірілген жұмысының мәселелері талқыланды.