2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап доминанттар тізілімі тек реттелетін рынок бойынша жүргізіледі

«Бизнесті қорғау мен кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетудің орталық тетігі болуы тиіс бизнес-омбудсмен институты нығайып келеді. Оның қызметінің заңнамалық негізі де Кәсіпкерлік кодексінде бекітілген.Бұдан бөлек, онда мемлекеттік монополияға қарсы қызметтің құқықтық шеңберлері ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес егжей-тегжейлі баян етілген. Жаңартылған монополияға қарсы қызмет еркін бәсекелестікті жан-жақты дамытуға бағдарлануы тиіс», - дейді ҚР Президенті.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап доминанттар тізілімі тек реттелетін рынок бойынша жүргізіледі, ал 2017 жылдан бастап толықтай алынып тасталады. Тиісті тауарлы рыноктарға субъектілердің үлесін ұлғайтуға мұндай іс-қимылдарға бәсекелестікті шектеу белгісі болмаған кезде ғана жол берілетін болады.
«2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағалық реттеу алынып тасталады, оның орнына тек монополияға қарсы реттеу мен бақылау құралдары ғана пайдаланылады. Монополияға қарсы қызмет жанынан жаңа институт - монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар қорытындылары бойынша қабылданатын шешімдердің объективтілігі мен мөлдірлігін қамтамасыз ететін келісім комиссиясы құрылатын болады», - делінген Елбасы мақаласында.