2016 жылы Астана мен Бурабай аралығындағы ақылы жолда жүру құны өспейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана-Щучинск» ақылы автожолында алдағы жылы төлем құны өспейді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында «ҚазАвтоЖол» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов мәлім етті.
None
None

«Қазіргі кезде жалғыз «Астана-Щучинск» жолы ғана ақылы болып табылады, яғни 211 шақырым жол. Нарықтағы қазіргі ахуалды, халықтың тұтынушылық қабілетін ескере отырып, біз 2016 жылы ақылы жолды пайдаланғаны үшін тарифтерді өсіруді жоспарлап отырғанымыз жоқ», - деді Е. Қизатов.

Соңғы жаңалықтар