15:23, 10 Наурыз 2016 | GMT +5
2016 жылы Атырау облысында ауыл шаруашылығын субсидиялау жалғасады
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 2016 жылы Атырау облысында ауыл шаруашылығын субсидиялау жалғасады, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметінен.

«Минералдық тыңайтқыштар сатып алуды субсидиялауға 22,2 млн теңге, сумен жабдықтау қызметін төлеуге - 84,1 млн теңге бөлу шешімі қабылданды. 8 млн. теңге гербицидтер мен биопрепараттар субсидиялауға жіберіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметінде.