2016 жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралінің жамбылдық учаскесі бойында жол бойы сервисін дамыту жоспарлануда

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» 495 шақырымдық күрежолының бойында жол бойы сервисінің сегіз нысаны пайда болмақ. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінде өткен кезекті аппараттық кеңесте әңгіме болды.
None
None

2010 жылдан бері салынып жатқан халықаралық транзиттік дәліз құрылысының жамбылдық учаскесінде 8 жол бойы сервисі нысандарын орналастыру жайы бірден белгіленген болатын. Бірақ та сол кезден бері техникалық қызмет көрсету стансасын, қонақүйлер, дәмханалар салу қажеттігі ғана әңгіме болып келді. Сондай-ақ осы жолдың бойында өнімдері өткізілетін отбасылық ферма құру, мини-маркет салу идеялары да бар. Алайда осы кезге дейін олардың бірде-біреуі салынған жоқ.

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Алмас Мәдиев кейбір инвесторлар өздерінің әуелгі ниеттерінен айнып қалғанын, енді біреулері әртүрлі күрделі жағдайларға тап болғанын атап өтіті.

Мәселен, Мерке ауданында екі жол бойы сервисі кешенінің құрылысына тендерді жеңіп алған «Lubex» ЖШС табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінен оның қасында орналасқан карьерді пайдалануға рұқсат ала алмай келеді. Ал департамент ұсынған карьер құрылыс алаңынан 20 шақырым қашықтықта болғандықтан компания үшін құрылыс жұмыстарын қымбатқа түрсірмек.

Жамбылдық кәсіпкерлер жол бойы сервисін тартымсыз деп санап, бұл жобаларға инвестиция салуға құлшыныс танытпай отыр.

2015 жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралінің жамбылдық учаскесінің құрылысы аяқталып, заманауи күрежол пайдалануға берілуі тиіс. Жол бойы сервисі нысандарына инфрақұрылым тартылуы және ол 2016 жылы даяр болуы тиіс, оның құрылыс биыл басталады, деп атап өтті облыстық әкімдікте.

Еске сала кетейік, «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауындағы жаңа экономикалық саясаттың басты міндеттерінің бірі ел өңірлері арасында тиісті инфрақұрылымымен және сервисімен заманауи теміржол, автомобиль жолдарын және әуе қатынастарын дамыту болып табылады.

Соңғы жаңалықтар