2016 жылы Қырғызстанда кедейлердің қатары 1,5 млн-ға жеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Қырғызстанда 1 миллион 557 мың тұрмыс деңгейі төмен адам тіркелген, деп хабарлайды 24.kg .

2016 жылы Қырғызстанда кедейлердің қатары 1,5 млн-ға жеткен

Елдің Ұлттық статистика комитетінің үй шаруашылығы статистикасы бөлімінің меңгерушісі Галина Самохлебтің мәлімдеуінше, статистика комитетінің қызметкерлері іріктеп алған 5 мыңнан астам шаруашылықтың мал-жанына тексеру жүргізілген.

Сауалнама нәтижесіне тұтынушылық шығыстары бойынша есептелген  кедейшілік деңгейі 2016 жылы елді тұтас алғанда 25,4 пайызға жеткен. Айта кетерлігі бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға төмендеген.