2016 жылы ЖІӨ мөлшері жан басына шаққанда 18 мың АҚШ долларына дейін жеткізілетін болады

Елдің 2012-2016 жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуы Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында айқындалған әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы индикаторларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Стратегиялық жоспарды сәтті іске асыру Қазақстан экономикасының тұрақты өсуіне мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының кіріс деңгейі жоғары елдер қатарына кіруін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан азаматтарының әл-ауқат деңгейін көтеру және жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні 2015 жылға дейін 15 мың АҚШ долларына дейін арттыру қажет. Ол үшін ЖІӨ-нің нақты жылдық өсу қарқынын 7 пайыздан кем емес деңгейде қамтамасыз ету керек. Бұл ретте экономиканың қосымша өсімі шикізаттық емес саланың қарқынды дамуы есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.
Сондықтан ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 2015 жылға қарай 12,5 пайыздан кем емес деңгейде қамтамасыз ету бойынша стратегиялық мақсатты орындау қажет. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 2015 жылға қарай - кем дегенде 1,5 есе, агроөнеркәсіп саласында - кем дегенде 2,0 есе ұлғайту қажет.
Ұзақ мерзімді кезеңде инфляциялық үдерістерді тұрақтандыруға 2012-2016 жылдары жылдық инфляция деңгейін 6,0-8,0 пайыз дәлізінде ұстап қалуға ықпал ететін болады.
2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы 2011-2015 жылдардағы экономиканың 7 пайыз өсуін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарында мақұлданған нысаналы индикаторларының негізінде әзірленген.
Қазақстан Республикасының табыстары деңгейі жоғары елдердің тобына кіруі мақсатына және Қазақстан азаматтарының әл-ауқаттың деңгейін жоғарылату үшін 2016 жылы ЖІӨ мөлшері жан басына шаққанда 18 мың АҚШ долларына дейін жеткізілетін болады.
Экономикалық өсудің нысаналы параметрлерінің кірісі мемлекеттік және жеке секторлардың инвестициялық белсенділігімен және тұтынуды ынталандырумен қамтамасыз етіледі.
2012-2016 жылдары инвестициялардың өсу қарқыны орта есеппен жылына 6,7%-ды құрайды. Ол белсенді технологиялық жаңғырту жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капиталды жинақтаудың өсуін қамтамасыз етеді.
2012-2016 жылдары тұтынудың өсуі орташа есеппен жылына 8,1 пайыз құрайды. Бұл ретте үй шаруашылығындағы тұтыну мемлекеттік тұтынумен салыстырғанда неғұрлым жоғары қарқында өсетін болады.
2012-2016 жылдары ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің орташа жылдық өсуі 4,8 пайызды құрайды, тамақ өнімдерін өндіру өсімі жылына шамамен 10,2 пайызды құрауы тиіс.
Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру ішкі нарықтың қажеттіліктерін жабу және экспорт тауарларын иелену үшін сапалы бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімімен және азық-түлік өндірісімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2012-2014 жылдары өнеркәсіп өнімі көлемінің жылдық орташа мөлшердегі өсуі 7,3 пайызды құрайды. Өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқынының ұлғаюына тау-кен өндіру (5,7 пайыз) және өңдеу өнеркәсібі (10,2 пайыз) салаларының өсуіне ықпал ететін болады.
Мұнай және газ министрлігінің болжамдары бойынша мұнай өндіру көлемін кейіннен 2016 жылы 102,0 млн. тоннаға дейін арттыра отырып 2012 жылы 83,0 млн. тоннаны құрады.
2015 жылдың соңына қарай мұнай және газ секторының дамуы шеңберінде 18 ірі жоба жоспарланады, оның 9 салалық бағдарлама, 9 - Индустрияландыру картасы шеңберінде іске асырылады. Жобалар мәліметтерді бойынша жоспарланған инвестициялардың жалпы көлемі 1 379,6 млрд. Теңгені құрайды.
2012-2016 жылдары металлургия өнеркәсібіндегі орташа жылдық өсу қарқындары 11,8 пайызды құрайды. Металлургияның дамуы (машина жасау, химия өнеркәсібі және т.б.) сыртқы сауданы артыру мен әртараптандыру экономикасының аралас салаларын ынталандыруға мүмкіндік береді.
Индустрияландыру картасына жалпы инвестиция көлемі 1 640 607 млн. теңгені, 54 845 жұмыс орнын құрайтын 43 жоба енгізілді.
2012-2016 жылдары химия өнеркәсібіндегі өндірістің жылына орташа 10,4 пайызға өсуі жаңа бәсекеге қабілетті химиялық өндірісті құру қолданыстағы кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту есебінен қамтамасыз етілуі қажет.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Индустрияландыру картасы шеңберінде 2010-2014 жылдары химия өнеркәсібінің 11 жобасы енгізілді.
Машина жасау өнеркәсібінің өндірісі 2012-2016 жылдары орташа 12,2 пайызды құрайды. 2016 жылдың соңына дейін 22 жоба, соның 17 жобасы салалық бағдарлама бойынша, 5 жоба Индустрияландыру картасы бойынша жсопарланған.
Ауыл шаруашылығында машина жасаудың екі есе, мұнай және газ саласындағы машина жасаудың 2,5 есе, тау-кен саласында машина жасаудың 2,7 есе, электр техникасы саласында машина жасаудың 1,7 есе артуы есебінен 2016 жылдың соңына қарай жалпы қосымша құн 2011 жылмен салыстырғанда екі есе артады.
2012-2016 жылдары электр энергетикасы саласында өндірістің өсуі жылына орташа 4 пайызды құрайды.
Қатты отындағы жаңадан іске қосылатын өндіру қуаттарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 2015 жылға қарай көмір өндіру көлемін 131 млн. тоннаға, 2020 жылы 152 млн. тоннаға арттыру көзделеді.
2010-2020 жылдары көмір өндіру саласын дамытуға 3,4 млрд.АҚШ долларын инвестициялау жоспарланып отыр.
2012-2016 жылдары құрылыс жұмыстары көлемінің орташа жылдық өсімі 1,5 пайыз деңгейде күтіледі.
Қазақстан Республикасында 2011-2014 жылдары тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барлық қаржыландыру көздері есебінен көлемі 24,3 млн. ш.м. тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Нақты сектор салаларының оң серпінін ескере отырып 2012-2016 жылдары сауда көлемі қарқындарының орташа жылдық өсуі 8,9 пайыз деңгейде болжанып отыр.
2012-2016 жылдары көлік қызметі көлемінің жылдық орташа өсімі 7,5 пайызды құрайды. Көлік қызметтерінің өсуін қамтамасыз ету үшін 2017 жылға қарай жүк айналымының көлемі болжамды деректер бойынша 428,8 млрд. тонна-км (тасымалданған жүк көлемі 3 млрд. тоннаға дейін), жолаушылар айналымы 224,3 млрд. жолаушы-км (тасымалданған жолаушылар көлемі 18,6 млрд. адам) құрайы.
Ақпарат және байланыс қызметінің өсімі 2012-2016 жылдары болжамдар бойынша 8,4 пайыз деңгейде қалыптасады.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды іске асыру ақпараттық инфрақұрылымды қоса алғанда, осы сектордың үлесін 2014 жылы ЖІӨ-де 3,8 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан экспортын құрайтын негізгі тауарларға әлемдік сұраныстың артуы және сыртқы сауда саясаты бойынша қабылданып жатқан шаралармен бірге экономика өсімі қарқындарының ұлғаюы экспорт пен импорт көлемінің ұлғаюына ықпал ететін болды.
Сыртқы сауда айналымы 2012-2014 жылдары жылына орташа 7,8 пайызға немесе 2012 жылы 116,7 млрд. АҚШ долл., 2016 жылы 166 млрд. АҚШ долл. өседі.
Экспорт 2012 жылы 75,7 млрд.АҚШ долл., 2016 жылы 105,8 млрд.АҚШ долл. өседі.
Экономиканың өсуімен қатарлас сұраныстың өсуі 2011 жылы импорттың 40,9 млрд. АҚШ долл., 2016 жылы 60,2 млрд. АҚШ долл. дейін өсуіне ықпал ететін болады.
Экспорттың импорттан артуы ағымдағы шоттың оң сальдосы факторларының бірі болады, ол 2016 жылы болжам бойынша 4,1 млрд. АҚШ долларына жетеді.
2012-2016 жылдары инфляцияның жылдық мәні (желтоқсан алдыңғы жылдың желтоқсанына қарағанда) 6,0-8,0 пайыз деңгейінде бағаланады.
Экономиканың 7 пайыздық өсуін қамтамасыз ету бойынша міндет әлеуметік жаңғыртумен қатар шешіледі.
Әлеуметтік секторды жаңғырту мақсатында білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қызмет сапасын жақсарту, жұмыссыздық және кедейшілік деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылданады.
Жұмыссыздық деңгейінің 2012 жылы 6,2 пайыздан 2016 жылы 5,4 пайызға, ал кедейлік деңгейінің 6,1 пайызға дейін төмендеуі болжанады.
Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысының табыс деңгейі жоғары елдердің қатарына кіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес орта мерзімді кезеңдегі негізгі экономикалық саясаттың негізгі мақсаты - теңгерімді экономикалық өсуді жыл сайын 7 пайыздан кем емес деңгейде қамтамасыз ету.
Тұрақты және теңгерімді өсуді ұстап тұру шикізаттық емес секторды ішкі және сыртқы сұраныстарға бағдарлау арқылы дамытумен қамтамасыз етілетін болады.
Орта мерзімді перспективада мемлекеттің экономикалық саясатының шешуші бағыттары тұрақты экономикалық өсу, гүлдену және қазақстандықтардың әлеуметтік салауаттылығына қол жеткізу үшін индустрияландыру инфрақұрылымын дамыту және адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы әртараптандыруды жеделдету болып табылады.
Әртараптандыру шеңберінде дамудың экстенсивтік, шикізаттық жолынан индустриялық-инновациялық дамуға өту жүзеге асырылатын болады. Инфрақұрылымдық саясат шеңберінде жүргізілетін энергетика, көлік және телекоммуникация салаларын жаңғырту экономиканы үдемелі әртараптандыру және шетел инвестицияларын елімізге тартуға ықпал етеді.
Қойылған басымдықтарды негіз ретінде іске асыру ақща-кредит, фискалдық, инвестициялық және салалық саясаттардың құралдарын теңгерімді пайдалануды қамтитын ұтымды макроэкономикалық саясат шараларын біртіндеп өткізуді болжайды.