2017 жылға қарай Қазақстанның шикізаттық емес секторына құйылатын инвестиция өседі

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс 14 съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Біздің еліміз ауқымды жаңару дәуіріне аяқ басады. 2017 жылы экономиканың шикізаттың емес секторына құйылатын инвестиция 15 пайызға өседі, ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі айтарлықтай ұлғаяды. Дайын өнімнің экспорты 40 пайызға артады, өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 1,5 есе көбейеді. Металлургия, химия саласы екі есеге артады, біздің жеңіл өнеркәсіп өнімдеріміз ішкі нарық қажеттілігінің үштен бірін қамтамасыз етеді», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының пайымынша, дағдарыс салдарынан әлсіреген экономикаларда мемлекеттік қарызы үлесінің өсімі жаһандық катаклизмге әкелуі мүмкін. «Сондықтан барлық жетістіктерімізге қарамастан біз кез келген байқалмаған жағдайларға дайын болуымыз керек», деді Н. Назарбаев.