2017 жылғы қаңтардағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 21 835 теңге болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2017 жылғы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда 1,5%-ға жоғарылады, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет сайты.
None
None

Ондағы мәліметтерге қарағанда, ең төменгі күнкөріс құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 17,8%, жемістер мен көкөністер - 9,8%, нан және жарма өнімдері - 8,7%, қант, шай және дәмдеуіштер бойынша - 2,7%-ды құрады.

Соңғы жаңалықтар