2017 жылы базалық зейнетақы төлемі күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 60 пайызын құрайтын болады - Н. Назарбаев

None
None
ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2017 жылы базалық зейнетақы төлемі күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 60 пайызын құрайтын болады. Бүгін Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" ХДП 14 съезі барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев осылай мәлім етті.

«Әділ әлеуметтік съезд - бұл ең алдымен халықты лайықты зейнетақымен аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік төлеммен қолдау. Осыған орай 2017 жылға қарай елдегі базалық зейнетақы төлемі мен атаулы әлеуметтік көмек күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 60 пайызын құрайтын болады. Сонымен қатар, мүгедектер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушылардың арасында өздерінің мүмкіндіктерін жүзеге асыру жолдары қарастырылуы шарт», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар