2017 жылы елорданың коммуналдық тарифтері қандай болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Астана қалалық департаментінің басшысы Болат Тәңірбергенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«2015 жылдың соңында-ақ біздің департамент жылумен, сумен, су бұрумен, электр энергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсететін барлық базалық субъектілер үшін мемлекеттік тарифтік саясатқа сәйкес, 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі ұзақ мерзімге арналған тарифтер бекіткен болатын. Мәселен, «Астана су арнасы» үшін 2016-2020 жылдары аралығында сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін бір тариф бекітілген. Ол осы кезең аралығында өзгермейді. Қалған субъектілер, атап айтқанда жылу мен электр энергиясының тарифтерінің 2016 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылға дейін жыл сайын өсімі көзделген. Дегенмен, бүгінгі күні біздің табиғи монополия субъектілеріміз тарифтерді 2016 жылғы деңгейде қалдыру туралы шешім қабылдады. Осылайша, 2017 жылдың 1 қаңтарынан Астана қаласы бойынша жарты жыл бойы 2016 жылғы тариф деңгейі қалатын болады», - деді департамент басшысы.

Оның айтуынша, тарифтерді көтеру мәселесі келесі жылдың 1 шілдесінде қайта қаралатын болады.

«Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша бастапқыда 2017 жылдың 1 қаңтарынан 13 пайыз, электр энергиясы бойынша 2 пайыз және жылу энергиясын беру бойынша 6 пайыз өсім болжанған еді. Бірақ, жарты жыл бойы тариф қолданыстағы деңгейінде қалады. Одан кейін табиғи монополиялар субъектілері үшін өсім жыл сайын шамамен 2-3 пайыз деңгейінде болжанады», - деді Тәңірбергенов.

Соңғы жаңалықтар