2017 жылы Қазақстандағы әлеуметтанушылар конференциясына әлемнің алдыңғы қатарлы ғалымдары жиналады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Қазақстанда өтетін әлеуметтанушылар конференциясына әлемнің алдыңғы қатарлы ғалымдары жиналады. Бұл туралы бүгін Астана әлеуметтану форумында Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығының вице-президенті Серік Сейдуманов мәлім етті.
None
None

«2012 жылы Астана мен Алматыда Халықаралық әлеуметтану қауымдастығының президенті Майкл Буравойдың Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығының басшылығымен кездесуі өтті. Осының нәтижесінде, биыл президиум 2017 жылы Қазақстанда, яғни Алматы және Астанада ұлттық әлеуметтану қауымдастықтарының төртінші конференциясын өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл шара посткеңестік кеңістікте алғаш өткізіліп отыр. Бұл өте маңызды және ауқымды оқиға. Елімізге осы саладағы алдыңғы қатарлы ғалымдар келеді деп күтілуде»,-деді С. Сейдуманов.

Айта кетейік, бүгін елордадағы форумда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын жүзеге асыруда әлеуметтанушылар мен гуманитарлық ғылымның қатысуы мәселелері талқылануда.

Форум жұмысына Қазақстан, Түркия, Беларусь, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан елдерінен келген зерттеушілер мен ғалымдар, сондай-ақ академиялық және қолданбалы ғылым саласы мен жетекші ЖОО-лардың, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар