2018 жылғы Балалар Еуровидениесі Минскіде өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Балалар Еуровидениесі - 2018» байқауы Минскі қаласында өтетін болды. Бұл туралы Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Біз беларустық EBU мүшесі - «Белтелерадиокомпаниясының» Минскіде 2018 жылы өтетін 16-ыншы  Балалар музыкалық конкурсына қызмет ететіндігін жария еткенімізге қуаныштымыз»,- делінген хабарламада.

 Айта кетер жайт, Беларусь екінші рет конкурс қожайыны болғалы отыр. «Балалар Еуровидениесі - 2010-10»  Минсіде өткен болатын.

Балалар әндерінің конкурсы  - жыл сайынғы халықаралық телевизиялық әндер конкурсы. Бұған Еуропалық хабар тарату одағына мүше елдердің өкілдері қатысады.  Өнер байқауына 15 жасқа дейінгі балалар қатысады.

Соңғы жаңалықтар