2018 жылы «Астана-Щучье» ақылы жолынан 1,53 млрд теңге түскен
«Астана-Щучье» ақылы тасжолынан түскен ақшалай қаражаттың қорытындысы талқыланған жиында барлық қаражаттың ақылы учаскені қамтамасыз етуге, сондай-ақ ақы алу жүйесін жаңғыртуға бағытталғаны мәлім етілді.
2018 жылы аталмыш аралықты 2 809 993 көлік жүріп өткен. 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда көлік ағыны 1,9% артқан. Қазір алдын ала төлем сервистерін ұлғайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2018 жылы 139 611 рет алдын ала төлем жасалса, бұл 2017 жылғыдан 3 есеге артық.
Қазіргі таңда бөлімше қызметкерлері жасанды мемлекеттік тіркеу нөмірлерін анықтау бойынша белсенді жұмыстар атқарып жатыр. Бірнеше ай бойы жол полициясы органдары осыған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 21 хаттама толтырған. Ал, 5 көлік құралы арнайы айыппұл тұрағына жіберілген. Олар жүргізуші куәліктерінен айырылатын болады. Ұрланған тіркеу нөмірін қолдану бойынша 1 қылмыстық іс қозғалса, 2 қолданушы 1 020 000 теңге сомасындағы қарызын өтеген.
Бұдан бөлек, 2018 жылы «Астана-Щучье» ақылы учаскесіне жөндеу жұмыстары жүргізілген.
2018 жылы демалыс алаңдарында 5 «KazWay» заманауи павильондар сервисі орнатылмақ. Бұл павильондар кәсіпкерлерге жалға беріледі.