2018 жылы Астанада Хорватия Елшілігі ашылады

«Мемлекеттік хатшымен әңгімелесу барысында екі елдің арасындағы өзара қарым-қатынастың дамуына көңіліміз толатынын айттық. Дегенмен, адамның әр уақытта да көңілі тола бермейді. Әр кезде де мұнан да жақсарта түсуге тырысады. Келесі жылы Астанада Хорватияның Елшілігі ашылып қалуы мүмкін. Бұл маңызды оқиға болар еді. Екі елдің Үкіметтері арасында шешім қабылданған», - деді ол Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықоваға сенім грамотасын тапсырғаннан кейін БАҚ өілдеріне берген сұхбатында.
Айта кетерлігі, Хорватия Елшісімен кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның Хорватияны Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы маңызды әрі перспективалы серіктестерінің бірі ретінде қарастыратындығын атап өтті. Экономикалық ынтымақтастық деңгейін арттыру қажеттігіне көңіл аударды. Қазақстанда шамамен 30 хорватиялық компания жұмыс істейді. Елдер арасындағы тауар айналымы биылғы қаңтар-қыркүйекте 301 млн доллар болды. Мемлекеттік хатшы қазақстандық компаниялар бидай мен мал шаруашылығы өнімдерін жеткізе алатынын айтты.