2018 жылы еуро доллардан төмен болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ доллары әлемдік валюта аясында нығая түсуде. 2018 жылы доллар-еуро валюталық жұп бағалық паритетке келуі мүмкін, деп жазады банктің зерттеуіне сілтеме жасап, MarketWatch басылымы.
None
None

Банк доллардың нығаюына орнықты үдерісті көрсету үшін кейбір валюта жұптарына өз болжамдарын жасады, делінген материалда. Тіпті АҚШ ФРЖ пайыздық ставкалардың артқанына қарамастан, америкалық экономика даму үстінде. Нәтижесінде құндағы теңдікке 2017 жылдың басында қол жеткізілуі мүмкін, ал 2018 жылы қаңтарда €1 құны 90 центті құрауы мүмкін. «Еуроаймақ еуропалық борышқорлық дағдарыстан оңалғаннан бастап, өңірге өсім баяулығына және бәсекеге қабілеттілікке қатысты проблемалар өзекті болуда, салдарынан еуро долларға қатысты төмендеуі жалғаса беру ықтимал», - деген банк сарапшыларының сөзін келтірді басылым.

Соңғы жаңалықтар