2019 жылы Астанада «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қанша баспана салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі елордада «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатылатын және алдағы жылы салынатын баспаналарға қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы 2016 жылдан бастап іске қосылды, бұл мақсатта мемлекеттік бюджеттен 4 млрд 600 млн теңге қаржы қарастырылған.

Бүгін бүкіләлемдік жинақ күнінде банктің астаналық филиалының басшылығы Астана тұрғындары мен БАҚ өкілдеріне «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандарды көрсетті. Тұрғын үйлер Мәңгілік ел мен №227 көшелердің (ҚР ПІБ МО емханасының жанында) және №27 мен №36 көшелердің (ҚР ПІБ автошаруашылығы жанында) ауданында орналасқан.

«Қазір банк 364 пәтерден тұратын пул әзірлеп жатыр. Таза әрлеудегі пәтерлердің 1 шаршы метрінің құны 180 мың теңге. Бұл Астанадағы орташа нарықтық бағадан екі есе төмен. Пәтер сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенті болып, депозитке үй бағасының 20% тең соманы бастапқы жарнаны жинау немесе аудару қажет. Займның жылдық мөлшерлемесі 5% құрайды», - деді Тұрғын үй жинақ банкі Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев баспасөз туры барысында.

Оның айтуынша, байқауға қатысушылардың 50% банк салымшылары, қалған 50% әкімдікте үй кезегінде тұрған азаматтар. Үйлердің әр шаршы метрінің бағасы Астана, Алматы қалалары бойынша 180 мың теңге, басқа өңірлер үшін 140 мың теңге.
null null

Бүгінгі есеп бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жинақ шоттарының орташа толықтыру сомасы 106 мың теңгені құраса, ал берілген займдардың орташа сомасы 10 млн теңге.

Жыл басынан бері тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің көмегімен 26 мың азамат баспаналы болған, оның 19 450-і үйді коммерциялық нарықтан сатып алса, 7 мыңдайы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында заем рәсімдеген.

null

«Қазір біз қазақстандықтар қаражат жинап үйренді деп толық сеніммен айта аламыз. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі қатысушыларының экономикалық тұрғыдан белсенді халық арасындағы үлесі 13,1% құрайды. 2015 жылы бұл көрсеткіш 7,1% еді. Бізге қаражатын жоспарлап, ақшасын санай алатын, мақсатына жете білетін азаматтар келеді. Қаражат жинау қабілетіне табыстың ықпал етпейтінін айта кету керек. Мысалы, біздің салымшылардың 40% жалақысы 150 мың теңгеден төмен. Көп жағдайда олар мақсатына 5-6 жылда жетеді, - дейді Жансұлтан Матаев.

null

Филиал басшысы бұған қоса 2019 жылы Астанада аталған мемлекеттік бағдарлама аясында тағы 1 825 пәтер сату жоспарланып отырғанын айтып өтті.

Еске салсақ,Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі арқылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандар туралы ақпаратты baspana.kz порталына кіріп білуге болады.

Осыған дейін Қазақстанда 4,6 млн адамның ипотекалық баспана алуға мүмкіндігі бар екендігін жазған болатынбыз.
null 

Соңғы жаңалықтар