2019 жылы Ресейлік компания $6 млрд. долларға Қазақстан-Ресей-Беларусь күре жолын салмақ

«ТАСС» тілшісіне берген сұхбатында Бейжіңдегі жетінші Қытай шетел инвестициялары (COIFAIR-2015) жәрмеңкесінің алаңында осы компанияның директорлар кеңесінің мүшесі Мария Винниченко тас жол 2019 жылы пайдалануға берілетінін айтты. «Қазіргі уақытта Тамбов облысында жолдың дәлізі сатып алынды. Жыл соңына дейін ивестицияның жалпы сомасының нақты бағасын айта аламыз. Қазіргі бағалау бойынша жобаның жалпы құны 6 млрд доллардан аспайды, - бұл сомаға жер сатып алу мен оның құрылысы да кіреді», - деді ол. «Біз жол құрылысын 2017 жылы бастап, ал 2019 жылы пайдалануға енгізуді жоспарлаудамыз. Қазір жер дәлізін сатып алып жатырмыз және мердігерлермен келіссөз жүргізудеміз», - деді Винниченко. Авто жол Орынбор облысында Ресей мен Қазақстан шекарасында Сагарчин көп тарапты автомобиль өткізу пунктінен басталады. Смоленск облысында Беларуспен шекарада федералдық М1 тас жолына шығаберісте аяқталады. «Бұл бір жағында екі қозғалыс жолағымен жалпы ұзындығы 1956 шақырымдық ақылы күре жол, жол Ресейдің бірнеше өңірлері арқылы өтеді», - деп атап өтті ол. «Біздің жоба бойынша Шанхайдан Гамбургке 10-15 күн ішінде жүк жеткізуге болады. Әрі мұндай тасымал темір жол көлігінен барынша арзанға түседі», - деп сөзін түйіндеді ол.