2020 жылға дейін әлеуметтік көмектердің ең төменгі деңгейі өмір сүру көрсеткішінен 100 пайызға көп болады - Президент

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, 2020 жылға дейін әлеуметтік көмектердің ең төменгі деңгейі ең төменгі өмір сүру көрсеткішінен 100 пайызға көбейетін болады.
None
None

Бұл туралы Президент»Нұр Отан» партиясының кезекті XIII съезінде мәлім етті. Сондай-ақ Елбасы сөзінде базалық зейнетақы төлемдерінің көлемі ең төменгі өмір сүру көрсеткішінен 60 пайызға дейін артатындығын атап көрсетті. «Біз жалдамалы жұмысшыларды 100 пайызға, ал жұмыссыз азаматтарды 40 пайызға жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтамасыз етеміз», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар