2020 жылға дейін Қазақстан LPI рейтингінде 40-орынға шығуы керек - ҚТЖ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылға дейін Қазақстан Дүниежүзілік банктің көлік-логистика жөніндегі LPI рейтингіндегі орнын 40-орынға дейін жақсарту туралы мақсатты көздеп отыр. Әзірге, Қазақстан бұл рейтингте 88-орында тұр. Бұл туралы бүгін «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының көлік-транзиттік әлеуетін арттыру мәселесі талқыланған жиын барысында «KTZ Express» АҚ Президентінің міндетін атқарушы Ержан Жақышев мәлім етті.
None
None

«Қазақстан осы рейтингтегі орнын жақсартса, логистика бизнесі тұрғысынан өзінің тартымдылығын арттыра алады. Сонымен қатар, еліміздің инвестициялық климаты жақсарып, Қазақстан логистика және көлік хабы ретінде алға баса алады. Бұл рейтингтің басында Сингапур мемлекеті тұрса, Германия 4-орында. Қытай 26-орында болса, Қазақстан 88-ші орында. Қазақстанның мақсаты - 2020 жылға дейін осы рейтингте 40-шы орынға орналасу», - дейді Е.Жақышев.

Айта кетейік, «KTZ Express» АҚ - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының 100 пайызды еншілес ұлттық мультимодалды компаниясы. Компания Қазақстан аумағы арқылы «бір терезе» қағидатына сәйкес Қытайдан Еуропаға жүк өткізу жұмыстарын атқарады. «KTZ Express» Қазақстан мен халықаралық темір жолдарды, автокөлік жолдары мен әуе логистика жұмыстарын, теңіз порттары мен әуежайлардың, сондай-ақ терминалдар желісі мен қоймаларды біріктіреді.

Соңғы жаңалықтар