2020 жылға қарай бүлдіршіндерді балабақшамен 100 пайыз қамтуға қол жеткізу шарт

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2020 жылға қарай бүлдіршіндерді балабақшамен 100 пайыз қамтуға қол жеткізу шарт. Бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Бақытжан Жұмағұлов осылай айтты.
None
None

«Мектепке дейінгі тәрбие беруде екі негізгі мақсат белгіленіп отыр. Біріншіден, 2020 жылға қарай бүлдіршіндерді балабақшамен 100 пайыз қамтуға қол жеткізу шарт. Бұл тұрғыда министрлік пен жергілікті атқару органдары үшін ауқымды жұмыстарды атқару міндеті тұр»,-деді министр.

Оның пайымдауынша, «Балапан» бағдарламасы бүгінде табысты орындалып келеді. «Енді бұл бағдарламаның 2014 жылға қарай толық жүзеге асуын, сонымен қатар осы тектес бағдарламаның 2020 жылға дейін жалғасуын қамтамасыз ету керек»,-деді ведомство басшысы.

Б. Жұмағұловтың сөзіне қарағанда, екіншіден, балабақшалардағы әдістемеге және тәрбие беру үдерісінің мазмұнына жаңа сапа беру қажет.

Соңғы жаңалықтар