2020 жылға қарай қазақ тілінің терминологиялық қоры 100% жаңартылады - Қ.Әбіл

«Терминологиялық қорды жаңа терминдермен жаңарту тарихи тілдік мұраны қайта жөндеуге, сондай-ақ терминтану және терминография бойынша арнайы жұмыс жүргізуді талап етеді. Бұл көрсеткіш 2014 жылға қарай 20%-ға, 2017 жылға қарай - 60%-ға дейін, ал 2020 жылға қарай 100% деңгейге дейін жеткізілуі тиіс», - деді Қ.Әбіл.
Оның айтуынша, аталған жаңарту әлемдік тәжірибені, туыстас тілдердің моделін, халықаралық терминдер мен терминологиялық атауларды пайдаланумен, сондай-ақ БАҚ-дағы жаңа бекітілген терминдерді пайдалану жиілігін тұрақты мониторингілеу арқылы өтуі тиіс.
Бұдан өзге, ол орталық «Терминдердің электрондық базасы» автоматтандырылған мәліметтер базасын құру бойынша ғылыми іс-тәжірибе зерттеулерін жүргізетінін айтып өтті, деп хабарлайды primeminister.kz .
«Порталдың негізгі мақсаты - ғалым-лингвистерге және саланың мамандарына бірге жұмыс жасауға мүмкіндік беретін тұғырнаманы қамтамасыз ету, сондай-ақ аудиторияны қазақстандық терминологиялық қордың жалпыға қолжетімді аудармаларымен, дефиницияларымен және этимологиясымен жылдам әрі сапалы қамтамасыз ету», - деп түсіндірді ол.