2020 жылға қарай Қазақстан шағын және орта бизнестің даму көрсеткішін 2 есеге ұлғайтады - Б.Сағынтаев

«Бұл алаңда біздер шағын және орта бизнесті ынталандыру бойынша одан арғы қадамдарды талқылай аламыз. Егерде отандық көрсеткіштерді дамыған Батыс елдерімен салыстырар болса, онда әрине біз қалып қоямыз. Дегенменде біз аталған көрсетіштерді арттыруға тырысудамыз. Ел Президенті 2020 жылға қарай Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерліктің даму көрсеткішін екі есе ұлғайту міндетін жүктеп отыр», - деді ол.
Оның атап өтуінше, мұндай алдыңғы қатарлы міндетті шешу үшін әлемдік тәжірибе негізінде кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тәсілдері мен тетіктерін түбегейлі әзірлеу керек. Бұл бағытта нақты шаралар да қолға алынуда. Мәселен, елімізде 2020 жылға дейін кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасы әзірленуде. Тұжырымдама мақсаты - қоғам қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету жағдайында бизнес пен мемлекет шығыстарын қысқарту арқылы мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыру. Ендігі уақытта мемлекеттік органдар жаңа талаптар енгізбестен бұрын оны түсіндіріп, бизнес пен мемлекет шығындары есебімен қуаттауға міндетті болады.
«Сонымен қатар тұжырымдама бизнес үшін барынша маңызды мемлекеттік саясат бағыттары бойынша нақты шаралар қарастыратын болады», - деді Б.Сағынтаев.