2020 жылға қарай Қазақстанда мұнай өндіру көлемін тәулігіне 2.6 млн. баррельге дейін жеткізу жоспарлануда

Бұл туралы бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронның Атырау облысында «Болашақ» зауытындағы кездесуі барысында айтылды.
Қазіргі таңда Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1.6 млн. баррельді құрайды. Қашаған теңіз кен орны пайдалануға берілген соң 2015 жылы Қазақстанда шикізат өндіру 1,9 млн. баррельге жетеді, ал 2020 жылы тәулігіне 2.6 млн. баррельге дейін жетеді.
«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК) компаниясы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу жөніндегі келісім аясында консорциумның жеті қатысушысының атынан 11 блоктағы көмірсутегін барлау және өндіруді жүзеге асыратын оператор ретінде әрекет етеді.
Консорциум қатысушыларының жобадағы үлесі: ҚМГ («ҚазМұнайГаз») - 16,81%, «Эни» - 16,81%, «ЭксонМобил» - 16,81%, «Шелл» - 16,81%, «Тоталь» - 16,81%, «КонокоФиллипс» - 8,40% және «ИНПЕКС» - 7,56%.