2020 жылға қарай Қытайда халық саны 1,42 млрд адамға жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылға қарай Қытайда халық саны 1,42 млрд адамға жетеді. Бұл - Денсаулық сақтау және жоспарлы бала туу ісі бойынша ұлттық комитеттің мақсаты.
None
None

Аталмыш мәлімет 13-ші бесжылдықтағы жоспарлы бала туу мәселесі бойынша жалпықытайлық дамыту жоспарында жарияланған, деп хабарлайды Синьхуа.

Қытайдың жоспарлы бала тууы бойынша 12-ші бесжылдыққа арналған негізгі мақсаттары мен тапсырмалары табысты жүзеге асқан. Жаңа туылған сәбилердің жыныстық айырмашылығы 117,9-дан 113,51-ге төмендеген. 2015 жылы Қытайдың халық саны 1,375 млрд адамды құраған. 

Соңғы жаңалықтар