2020 жылы ЕАЭО-ның барлық елдерінде халық санағы жүргізілуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылы еуразиялық экономикалық одақтың барлық елдерінде санақ жүргізілуі мүмкін, деп хабарлады БЕЛТА ЕЭК Алқасы отырысының нәтижесі бойынша ЕЭК баспасөз қызметінен.
None
None

«Отырыс қатысушылары 2020 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде халық санағын өтткізуге дайындық жөніндегі комиссияның іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы ЕЭК Кеңесінің шешім жобасын мақұлдады, - деп хабарлады баспасөз қызметінен. - Жоспар статистика саласындағы тараптардың уәкілетті органдарының ақпараттық және әдіснамалық өзара іс-қимылын үйлестіру мақсатында құрылады. Бұл ретте ЕЭК халық санағын өткізу бойынша қатысушы елдер үкіметтерінің қызметін ауыстырмайды, нақты күні мен бағдарламаларын айқындай отырып, ұлттық санақ өткізу туралы шешімді ұлттық үкіметтер қабылдайды. Өз кезегінде халық санағы құжаттарын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітеді, бұл санақ туралы ұлттық заңнамаға толық сәйкес келеді.

Еске сала кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ, ЕЭО - Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылған экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітіп, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарына бастап күшіне енді. Оған Беларусь, Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан елдері мүше. Қазіргі дерек бойынша көрсеткіш мынадай:

Беларусь- (1.01.2015 жылдан), (9 481 000 адам. 01.01.2015 жыл). Қазақстан(1.01.2015 жылдан), (17 417 447 адам. 01.01.2015 жыл). Ресей(1.01.2015 жылдан), (146 270 033 адам. 1.01.2015 жылдан)). Армения(2.02.2015 жылдан), (3 010 600 адам. 31.12.2014 жыл). Қырғызстан(8.05.2015 жылдан) [3], (5 874 100 адам. 1.11.2014 жыл).
Соңғы жаңалықтар