13:42, 20 Тамыз 2020 | GMT +5
2020 жылы онлайн-сауда 900 млрд теңгеге жетеді – Бақыт Сұлтанов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов электронды сауда көлемінің өсімі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біздің осы саланы дамытуда электронды коммерцияға да екпін қойып отырмыз. Бұл әлемдік тренд індеттің таралуы кезеңінде нығайды. Өткен жылы Қазақстанда электронды нарық 700 млрд теңгеден сәл ғана асқан болса, ал 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында онлайн-сауда көлемі 432 млрд теңгеге жетті», - деді министр онлайн режимде халық алдында есеп беру кезінде.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 900 млрд теңгеге жетуі мүмкін.
«2022 жылға қарай онлайн-сауда көлемі екі трлн теңгеге жетуі ықтимал немесе елдегі бөлшек сауданың 13 пайызын қамтымақ. Біздің болжамға сүйенсек, 2025 жылға қарай электронды коммерция үлесі бөлшек нарықтың 15 пайызына жетеді», - деді Сұлтанов.