2020 жылы ұялы байланыстың 2-буынымен тұрғындары 500-ден асатын барлық елді мекен қамтылады

«Алдағы уақытта министрлік қамту аймағын одан әрі кеңейтіп, 2020 жылға қарай ұялы байланыстың екінші буынымен тұрғындары 500-ден асатын барлық елді-мекенді, сонымен бірге республикалық және облыстық маңызы бар көлік жолдары мен темір жолдарды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Ауылдық жерлерді айтатын болсақ, қазіргі уақытта барлық елді мекендер интернетке қолы жетімді»,- деді министр.
Дегенмен ол бұл байланыс желісінің уақыт талабы мен ауыл халқының сұранысына сай келмей отырғандығын мойындады.
«Осыған сай біз операторларымызбен бірлесіп, ауылдық елді мекендерге оптикалық-талшықты желі тарту жұмысына кірістік. Осы жобаның аясында шамамен 5 миллионға жуық адам тұратын 1900 елді мекенді жылдамдығы жоғары интернетке қосу жоспарлануда»,- деді Д. Абаев.