2021 жылға дейін тауарлы балық өсіру үш есе артады - ҚР АШМ

«Балық өңдеу кәсіпорындары әдетте ірі кәсіпшілік су айдындарына жақын орналастырылып келді. Бұл орайда, балық өңдеудің негізгі көлемі Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының үлесіне тиеді. 72 балық өңдеу кәсіпорнының жиынтық қуаты бүгінгі таңда жылына 87 мың тоннаны құрайды, алайда олардың шикізатпен қамтамасыз етілуі небәрі 43 пайызды құрайды. Сондықтан аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында тауарлы балық өсіру (акваөсіру) көлемін 2021 жылға қарай 1,6 мың тоннадан 5 мың тоннаға дейін көбейту жоспарланып отыр. Бұл өнім өңдеу қуаттарының жүктемесін арттыра түсуге мүмкіндік береді», - деп тоқталды вице-министр.
2017 жылы балық өсіру кәсіпорындары 2700 тонна тауарлы балық өсірді.
Тауарлы балық өсіруді дамыту үшін мына бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау көзделген: балық өсіру шаруашылықтары үшін техника мен жабдықтар сатып алуға инвестициялық салымдар жұмсалған жағдайда шығындардың 30% өтеу; бекіре, бахтах және тұқы тұқымдас балық түрлерін өсіру кезінде балық жеміне жұмсалған шығындар құнының 30% төлеу.
Фото: djdhollandmunka.com