2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көліктер заңдастыруға жатпайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін жеткізілген автокөліктер қалай тіркелетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

«Талдау жұмыстары жүргізіліп, 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген шамамен 124 мың автокөлік анықталды. Қазіргі кезде Қазақстаннан тыс елдерден әкелінген 95 мың көлік заң талабына сай кедендік рәсімдеуден өтіп, утиль алымы мен бастапқы тіркеу алымын төлеп, тіркеуге қойылды. Ал кей азаматтар заңға бағынбай, алымдарды төлемей, осы автокөлікті заңдастыру шеңберінде тіркеп беруді талап етіп отыр», - деді Қ. Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге заңсыз әкелінген көлік құралдарын заңдастыру 1 шілдеге дейін жүргізілді. Бүгінгі таңда барлығы 220 мыңнан астам автокөлік заңдастырылды.

Оның ішінде 17 мың автоконструктор тіркелсе, 14 мыңнан астам автокөлік уақытша тіркеуге алынған.


Соңғы жаңалықтар