2022 жылы Астанада жаяу жүргіншілердің кінәсінен 135 жол апаты болған

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордалық полиция департаменті патрульдік полиция полкі штабының бастығы Әуесхан Тәжіғұлов былтырғы жол-көлік оқиғасы статистикасын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Өткен жылдың 12 айында елордада 683 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 28 адам қаза тапты, 2021 жылы – 557 жол апаты болып, 35 адам қаза тапқан, бір жылда өлім-жітім 20% төмендеді. 2022 жылы жол апатынан 750 адам жарақат алса, 2021 жылы – 595 адам, мұнда 26% өсім бар. Жол апатынан зардап шеккендерге талдау жасалды, осылайша жүргізушілердің кінәсінен – 548 ЖКО болған (+31%), онда 20 адам қаза тауып, 620 адам зардап шекті. 2021 жылы – 470 ЖКО болған еді», - деді Әуесхан Тәжіғұлов Есіл ауданының полиция департаментінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің кінәсінен 135 жол-көлік оқиғасы болған, онда 8 адам қаза тауып, 130 адам түрлі дәрежеде дене жарақатын алды. 2021 жылы 13 адам мерт болып, 125 адам жарақат алған.

Айта кетейік, жыл басынан бері елордада 6 мыңға жуық жол ережесін бұзу жағдайы анықталды, 80 жүргізуші мас күйінде ұсталды. Мас күйінде бірнеше рет ұсталған көлік жүргізушілеріне қылмыстық іс қозғалады.


Соңғы жаңалықтар