2022 жылы экономиканың 3,9 пайызға дейін өсуі қамтамасыз етіледі – Асқар Мамин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылы экономиканың 3,9 пайызға дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикалық бюджеттің ұсынылып отырған жобасы, ең алдымен, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық әрі уақтылы орындауға және де қазіргі жағдайларда экономиканың сапалы әрі орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Дағдарысқа қарсы макроэкономикалық саясатты іске асыру - пандемияның салдарын жұмсартып, экономикалық өсу қарқынын қалпына келтіру процесін іске қосуға мүмкіндік берді. 2022 жылы экономиканың 3,9 пайызға дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр», - деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, шикізаттан тыс сектор - сапалы өсудің негізгі драйверлерінің біріне айналмақ, әрі орнықты экономиканың негізгі факторы болып қала береді.

«Экономиканың нақты секторының, бизнестің дамуына қолдау көрсету және әлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру жүйесінің, мәдениет әрі спорт салаларының және де қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің орнықты әрі сапалы дамуын қамтамасыз ету - бюджет шығыстарының негізгі бағыттары болмақ. Ұсынылып отырған бюджет параметрлерін Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған», - деді А. Мамин.

Үкімет отырысында ҚР 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңдарының жобалары мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасына қолдау жасалып, мақұлданды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет отырысында 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы таныстырылды. 2026 жылы мұнай өндіру 107,4 миллион тоннаға дейін ұлғаяды. 2022 жылы Ұлттық қордан 5 50 млрд теңг е нысаналы трансферт тартылмақ.


Соңғы жаңалықтар