2023 жылы әлеуметтік төлемдер проактивті түрде беріледі – Тамара Дүйсенова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15 тамызға дейін халықты әлеуметтік қолдау саласындағы отбасылардың ақпараты қайта қаралады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмасымен Отбасы цифрлық картасы әзірленіп жатқанын еске салды.

«15 тамызға дейін халықты әлеуметтік қолдау саласындағы отбасылардың ақпараты өзектендіріледі. 1 қыркүйектен бастап жыл соңына дейін берілетін әлеуметтік қызмет пен әлеуметтік көмектің түрлері пилотты түрде жүргізіледі. Ал 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап проактивті қызмет әлеуметтік қорғау саласы бойынша іске асырылады», - деді министр Үкімет үйінде өткен отырыста.

Сонымен бірге, еңбек нарығын реттеу және дамыту жоспары 8 бағытта 15 тамызға дейін даярланады.

«10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз ету үшін барлық ұлттық жобалар мен бизнестің жеке бастамалары аясында жүргізілетін жобалар мен жұмыс орындары Электрондық еңбек биржасында орналастырылады. Бұл жұмыс орындары барлық қазақстандықтар үшін қолжетімді болады. 25 маусымнан бастап бұл жұмыс толық қолға алынды, мониторнг электронды түрде күнде жүргізіледі», - деді Тамара Дүйсенова.


Соңғы жаңалықтар
telegram