2024-2025 жылғы жылу маусымы тұрақты өтті — Энергетика вице-министрі

АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет отырысында ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов өткен жылу беру маусымын қорытындылады.

жылу
Фото: freepik

— 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезең тұрақты өтті. Жылыту кезеңінде ірі технологиялық бұзушылықтар байқалмады, — деді ол Үкімет отырысында. 

Сондай-ақ вице-министр өткен жылы салада қаржыландыру көрсеткіші өскенін атап өтті. 

— 2024 жылы қабылданған шаралар энергия көздері бойынша жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды өткен жылғы деңгейден 44%-ға артық, яғни 327 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын қаржыландыру 28%-ға, 148 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды, — деді ол.

Спикердің айтуынша, осының арқасында электр стансаларында 10 энергия блогына, 55 қазандыққа, 45 турбинаға жөндеу жүргізілген. Сондай-ақ 21 мың км электр беру желісі, 423 қосалқы станция жөнделіп, 542 км жылу желісіне қайта құру және ауыстыру жүргізілген.

Соңғы жаңалықтар