2024 жылдың III тоқсанында еліміздің тіс дәрігерлері 56,3 миллиард теңге табыс тапқан

АСТАНА. KAZINFORM — Биылғы жылдың III тоқсанында тіс дәрігерлері 56,3 миллиард теңгеден астам сомаға қызмет көрсеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті. 

стоматология
Фото: pixabay

— Қызметтердің негізгі көлемі, 5,3 миллиард теңге бюджет қаражаты есебінен, 47,9 миллиарды — халықтан түскен қаражат және 3 миллиард теңге кәсіпорындардың қаржысы есебінен орындалды, — делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша ең көп қызмет көрсету көлемі Астана мен Алматы қалаларында болды — әрқайсысында 14 миллиард теңге.

Алғашқы үштікке сондай-ақ Атырау облысы (3,5 миллиард теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (2,3 миллиард теңге) енді. Ең аз қызмет Ұлытау облысында көрсетілген — 107 518 мың теңге.

2025 жылдың 1 қаңтарына қарай «Стоматологиялық қызмет» саласында 2947 заңды тұлға мен филиал, сондай-ақ 2921 жеке кәсіпкер тіркелген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда ІІ топ мүгедегі тіс емханасының сапасыз қызметі үшін сотқа жүгінгенін жазған болатынбыз.