2024 жылғы қарашада 168,3 мың автокөлік есепке қойылды

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылғы қарашада есепке 168,3 мың автокөлік қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9%-ға артты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

2024 жылғы қарашада 168,3 мың автокөлік есепке қойылды
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Өткен жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5694,5 мыңға жетсе, оның ішінде 88% жеңіл автомобильдер, 9,9% жүк автомобильдері және 2,1% автобустар.

Алғаш рет тіркелген жаңа жеңіл автомобильдердің саны 31 149.

Жаңа автомобильдердің ең көп саны:

Алматы қаласында – 6351 

Астана қаласында – 4300 

 Шымкент қаласында – 3416

 Алматы облысында – 2869 

Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда жастар арасында 735 мың дара кәсіпкер тіркелгенін мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар