2024 жылы ТМД-ға Ресей төрағалық етеді

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМД органдарына төрағалық ету Ресей Федерациясына өтеді. Бұл туралы кеңейтілген құрамдағы отырыста ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев мәлім етті. Kazinform бұл туралы Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

тмд қырғызстан
Фото: "ҚазАқпарат" ХАА

«ТМД-ға төрағалық ету мәселесі қаралды. Делегация басшылары 2024 жылы Достастыққа төрағалық ету туралы шешім қабылдады, онда Ресей Федерациясы Қырғызстан және Тәжікстанмен тең төрағалық етеді», – деді ол.

ТМД-ға мүше Мемлекеттер басшылары кеңесінің келесі отырысы 2024 жылдың 8 қазанында Мәскеуде өтеді. Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мәлімдеді.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды. 

Мемлекет басшысын  «Ала-Арча» резиденциясында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды. 

Соңғы жаңалықтар