2024 жылы шығатын «Кальмар ойынының» екінші маусымынан алғашқы видео жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Netflix стриминг платформасы Хван Дон Хюктің танымал шоуы «Кальмар ойынының» (Squid Game) жалғасы - екінші маусымы жайлы алғашқы тизерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қысқа ғана видеодан жаңа маусымда ойнайтын актерлерді көруге болады.
Олардың арасында бірінші маусымда Сон Ги Хунды сомдаған басты рөлдегі актер Ли Джун Джэ, ойынды жүргізіп отырған маскалы адам рөліндегі Ли Бен Хон, ойын өтіп жатқан аралға із-түзсіз кеткен ағасын іздеп барған полиция қызметкерін ойнаған Ви Ха Джун бар.
Яғни үш актер екінші маусымда қайта оралады.
Ал жаңа келген есімдер арасынан Им Си Ван, Кан Ха Неул және Ян Дон Гынды кездестіреміз.
«Кальмар ойынының» екінші маусымы 2024 жылы шығады деп жоспарланған. Нақты айы-күні белгісіз.
Еске сала кетейік, 2021 жылы жарық көрген «Кальмар ойыны» сериалы Netflix тарихында ең көп қаралған туынды атанды. Оны алғашқы төрт аптада әлем бойынша 142 млн көрермен тамашалаған.